Жеткізу
Біздің артықшылықтарымыз
«Матрас орталығы» компаниясының жеке логистикалық орталығы мен түрлі санаттағы автокөлік паркі бар. Бұл бізге тапсырысты жылдам әрі ыңғайлы жеткізуге мүмкіндік береді. Жеткізу қызметі аптаның әр күні (бейсенбіден басқа) таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жеткізу шарттары
- Компания филиалдары орналасқан елді мекендерде матрастар, кереуеттер және диван-кереуеттер тегін жеткізіледі.
- Құрастыру және кез келген қабатқа көтеру қосымша ақысыз жүзеге асырылады.
- Тапсырыс 15:00-ге дейін рәсімделсе — жеткізу сол күні, 15:00-ден кейін — келесі күні жүзеге асырылады.
- Жеткізу күні жүргізуші-экспедитор сізбен хабарласып, ыңғайлы уақытты келіседі.
- SМS-хабарлама арқылы автокөлік нөмірі, жүргізушінің аты-жөні және байланыс нөмірі жіберіледі.
Өздігінен алып кету (самовывоз)
Басқа тауарларды салоннан, кеңседен немесе қоймадан өзіңіз алып кете аласыз. Бармас бұрын біздің контакт-орталықпен хабарласып, тапсырыс және жұмыс уақыты туралы нақтылап алыңыз.
Алыс өңірлерге жеткізу
Компания филиалдары жоқ елді мекендерге жеткізу көлік компаниясы арқылы жүзеге асырылады. Бағасы — тауардың көлемі, салмағы және арақашықтығына байланысты есептеледі. Жеткізу шарттары мен құнын біздің контакт-орталық менеджерлерінен нақтылай аласыз. Біз сенімді көлік компанияларымен жұмыс істейміз және тапсырыстың қауіпсіз әрі уақытылы жеткізілуіне кепілдік береміз.
Байланыс
Қосымша сұрақтарыңыз болса, біздің контакт-орталықтың менеджерлері қуана-қуана көмектеседі.
Қазақстан бойынша жеткізу
Біздің салондар мен өздігінен алып кету нүктелері Қазақстанның 22 қаласында, 75-тен астам фирмалық дүкендерде орналасқан.
Үйден шықпай-ақ сатып алыңыз
Қаланың дүкендерін аралаудың қажеті жоқ! Сапалы ұйқы үшін қажеттінің бәрі себетіңізде.
Тапсырысты қалай рәсімдеуге болады?
Қауіпсіз төлем әдістері: кез келген Visa немесе MasterCard картасымен онлайн төлеуге немесе жеткізу/өздігінен алып кету кезінде POS-терминал арқылы төлеуге болады.